Алматы әкімі Сайран көліне қатысты мәселенің қалай шешілетінін айтты

nur.kz
nur.kz
Кездесу барысында абаттандыру мәселесіне тоқталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі Әуезов ауданы тұрғындармен кездесу барысында Сайран көлін абаттандыру мен түйткілді мәселелерді шешуге жеке-жеке тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әкімнің айтуынша, абаттандыру жұмыстары кездінде  көлдің түбін тазарту және жағалау аймағын ретке келтіру қарастырылғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда Сайран көлінің бөгеттеріне көпфакторлы зерттеу жүргізілді. Биыл шілде айында жобалық-сараптамалық жұмысқа қатысты мемлекеттік сараптаманың қорытындысын аламыз. Жағалау аймағын ретке келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өту мәселесі қыркүйек айында аяқталады деп ойлаймын», - деді Ерболат Досаев.

Мегаполис басшысы III тоқсанда Сайран көлінің түбін тазарту және абаттандыру үшін құрылыс-монтаж жұмысына қаржы бөлу мәселесі көтеріледі деп атап өтті.

Новости партнеров