Сатушыларға зергерлік бұйымды сынамасыз сатқаны үшін жауапкершілік бар екені ескертілді

 elements.envato.com
elements.envato.com
Бұл туралы Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілі айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Зергерлік бұйымдарды сатушылар тиісті таңбалар болмаған жағдайда қандай жауапкершілік көзделген? Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қабылбеков айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін спикер өз сөзінде епартамент субъектіге (объектіге) бармай-ақ 509 профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізгенін, оның нәтижелері бойынша барлық жағдайда заңнаманы бұзу фактілері анықталғанын атап өтті.

«Бекітілген стандарт бойынша алтын бағалы металдарда барыс басының белгісі мен Қазақстанның халықаралық аббревиатурасы - KZ болуы тиіс. Осы стандартты бұзудың нақты фактілері кезінде Департамент бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды сатушыларға қатысты жоспардан тыс тексерулер ашады», - деді Қ. Қабылбеков.

Осылайша, департамент қызметкерлері растайтын материалдармен бұзушылықтардың дәлелді және нақты фактілерін анықтаған кезде алтын бұйымды өткізушіге қатысты жоспардан тыс тиісті тексеру тағайындалады және фактілер расталған жағдайда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасалады. 

Айыппұлдардың мөлшері келесідей:

- жеке тұлғаларға - 50 АЕК мөлшерінде;

– лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 80 АЕК мөлшерінде;

- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК мөлшерінде;

– ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

«Сондай-ақ сатушыға бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі. Яғни, сатушы өз өнімінің ҚҚ талаптарына сәйкес келетіндігі туралы акт алуы керек, содан кейін барыстың басы түріндегі сынамалық таңбамен таңбалауды жүргізуі керек», - деп түсіндірді спикер.

Атап өткендей, бұзушылықтар жойылғаннан кейін бұл өнім қайтадан сатылымға түсуі мүмкін.

Новости партнеров