Алматыда жыл басынан бері 31 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Фото: ашық дереккөзден
Негізі жыл соңына дейін 51 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жыл басынан бері 31 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Мемлекет басшысы тапсырған басты міндет те сол – жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру еді, деп хабарлайды Almaty.tv
Осылайша биылғы меже орындалып келеді. Кәсіпкерлік субъектілерімен – 17 мың 200, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен – 8 мың, ал жеке бастамалармен – 2 мың 600 жұмыс орны ашылды. Негізі жыл соңына дейін 51 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған екен. Қысқа мерзімді курстардан да мыңнан астам адам қайта дайындалып, білімін шыңдайды.
Ал өзінің жеке кәсібін ашу үшін 287 адам 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грант иеленді. Жыл соңына дейін тағы 713 адам оған қол жеткізеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52