Алматыда жыл басынан бері 31 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

25.06.2021 20:33

Негізі жыл соңына дейін 51 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған екен

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда жыл басынан бері 31 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Мемлекет басшысы тапсырған басты міндет те сол – жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру еді, деп хабарлайды Almaty.tv

Осылайша биылғы меже орындалып келеді. Кәсіпкерлік субъектілерімен – 17 мың 200, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен – 8 мың, ал жеке бастамалармен – 2 мың 600 жұмыс орны ашылды. Негізі жыл соңына дейін 51 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған екен. Қысқа мерзімді курстардан да мыңнан астам адам қайта дайындалып, білімін шыңдайды. 

Ал өзінің жеке кәсібін ашу үшін 287 адам 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грант иеленді. Жыл соңына дейін тағы 713 адам оған қол жеткізеді.