Алматыда тегін заң көмегін көрсету орталығы ашылды

Алматыда тегін заң көмегін көрсету орталығы ашылды
Жоба 2022 жылдың желтоқсанына дейін әрекет етеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қазан айынан бастап екі заңгер-практик және бір кеңесші-көмекші мегаполис тұрғындарына тегін кеңес береді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының «Еріктілер лигасы» ҚҚ директоры Ақнұр Оспанова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда «Заң консультациялары» жобасы іске қосылды, соның арқасында барлық тілек білдірушілер мамандардың заң көмегін тегін ала алады. Үш айдың ішінде заң көмегі офлайн форматта 553 тұрғынға көрсетілді, 1102 онлайн-консультация өткізілді.

«Бұл жобаның негізгі мақсаты қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру болып табылады. Біздің заңгерлер қабылдауды тегін жүргізеді. Жоба танымал болған жағдайда мамандар штаты кеңейтіледі»,– деді қоғамдық қор төрағасы.

Көпжылдық тәжірибесі бар заңгерлер азаматтар жүгінген кезде ауызша және жазбаша кеңестер беріп қана қоймай, іс материалдарын зерделеуге көмектеседі, соттарда өтініш білдіргендердің мүдделерін білдіреді, талап арыз жазуға жәрдемдеседі және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.

Алматылықтар Торайғыров көшесі 29 мекен-жайына хабарласа алады. Жоба 2022 жылдың желтоқсанына дейін әрекет етеді.

Заңгерлер мен жобаны ұйымдастырушылар командасының болашаққа үлкен жоспарлары бар. Ақнұр Оспанованың мақсаты – Алматы қаласын ғана емес, бүкіл Қазақстанды қамту.

Новости партнеров