Алматы қаласы Бостандық ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі ыстық судан ажыратылады

16.05.2022 20:33

18 мамырда жылумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жөндеу жұмысы жүргізіледі

7ooo-ru.livejournal.com

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі бір күнге ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

2022 жылғы 18 мамыр сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Бостандық ауданының аумағында орналасқан Жароков – Әл-Фараби – Гагарин – Ходжанов көшелерінің контурындағы тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.

Жылумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шектеулер енгізіледі.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.