Алматы цифрлық даму жағынан Будапешт, Ташкент пен Бакуден алда келеді

Алматы цифрлық даму жағынан Будапешт, Ташкент пен Бакуден алда келеді
Цифрлық даму – сандық шешімдерді енгізу деңгейінің негізгі көрсеткіші
Жаңалықтармен бөлісіңіз

8 маусымда Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев пен International Data Corporation (IDC) халықаралық ақпараттық-талдау агенттігінің вице-президенті Андрей Беклемишев төрт жыл ішінде «конъюнктурадан» «қайталануға» дейін өскен «цифрлық даму» деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Айта кетерлігі, цифрлық даму – сандық шешімдерді енгізу деңгейінің негізгі көрсеткіші.

«Цифрлық трансформация – бұл жаһандық өзгеріс. Оның басты міндеті – цифрлық дамудың барлық салада жоғары деңгейде болуы. Сондықтан цифрлық трансформация процесі сәтті болады», – деді Баян Қоңырбаев.

Ол Алматының осы бағытта дамуға көмектесетін «Ақылды қала» бағдарламасын іске асырғанын атап өтті.

ӨКҚ алаңындағы брифингте Б. Қоңырбаев International Data Corporation (IDC) Халықаралық ақпараттық-талдау агенттігінің Алматының «Ақылды қала» ретінде жетілгенін бағалағанын  айтты.

«IDC әдіснамасы 5 өлшем бойынша 19 критерийді қамтиды: пайымдау, мәдениет, процестер, технологиялар, деректер. Қорытынды баға әр критерий үшін арифметикалық орта ретінде есептеледі және 0-ден 5-ке дейін өзгереді», – деп түсіндірді А. Беклемишев.

Бағалау нәтижелері бойынша 2021 жылы Алматы 5 балдан 2.7 балл жинады. 2017 жылмен салыстырғанда қала "Конъюнктуралық" (opportunistic) деңгейінен "қайталанатын" (Repeatable) деңгейіне ауысып, нәтижені жақсартты.

А. Беклемишев бұл көрсеткішке қандай фактор себеп болғанын айтты.

Соңғы 4 жылдағы жетістіктер туралы айта келе, Б. Қоңырбаев әлемдегі бірде бір қала 5.0 деңгейіне жетпегенін айтты. Азия өңірінде Сингапур (5.0 деңгейіне жақындады), Сеул, Дубай, Йокогама жоғары нәтижелер көрсетті. Еуропада-Лондон (4 деңгей), Амстердам, Барселона. ТМД аймағында Мәскеу көш бастап тұр (3 пен 4 деңгей арасында).

Алматы Будапешт, Ташкент және Бакуден озып, ТМД-мен Шығыс Еуропа өңірлерінде жетекші қалалар тобына енді.

Новости партнеров