Мемлекет басшысына тұрғын үй мәселесімен жүгінген жетім балалар бойынша ақпараттық хабарлама

elements.envato.com
elements.envato.com
Баспана мәселесі жөніндегі өтініші Алматы облысы әкімдігінің құзыретіне кіреді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Президенті мен Алматы қаласының әкіміне бейнеөтініш арқылы жүгінген азаматтар Алматы облыстық №1 балалар үйінің түлектері, деп хабарлайды Аlmaty.tv. Олар Алматы облысы әкімдігінде пәтер алуға кезекке тұрған (Алматы қаласының тұрғын үй кезегіндегі тізімде жоқ). ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж жандарды есепке алу азаматтардың тұрақты тұратын жері бойынша жүргізіледі. Сондықтан хат иегерлерінің тұрғын үй беруге қатысты мәселесін шешіп беру өтініші Алматы облысы әкімдігінің құзыретіне кіреді.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке баспана қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді бөлу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық қордан тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде 20 пайызы бөлінеді.

Алматы әкімдігі ХӘОТ санатындағы адамдарды, атап айтқанда, жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарда. Егер 2022 жылы Алматы қаласының коммуналдық тұрғын үй қорынан жетім балаларға 14 пәтер, 2023 жылы 55 пәтер берілсе, 2024 жылы кемінде 400 пәтер беру жоспарда бар. Осылайша келесі жылы жетім балалардың 16% тұрғын үй мәселесі шешіледі.

Оқи отырыңыз:Мегаполистегі бағыттық автобустар саны артты

Новости партнеров