Алматыда 7 500 орындық 5 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

03.08.2022 20:38

Келесі жылға дейін 920 орындық 4 балабақша салу жоспарланып отыр

Ашық дереккөз

Алматыда 7 500 орындық  5 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы құрылыс басқармасының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазірдің өзі шаһарда әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, келесі жылға дейін  920 орындық 4 балабақша салу да жоспарда бар. Одан бөлек, мектеп пен мектепке дейінгі оқу нысандарында сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Оқу орындарының тапшылығы бар болғандықтан 8  мектеп құрылысын бастағанбыз. Соның үшеуі 5100 орындық мектеп оқу жылының басында қолданысқа беріледі. Жылдың аяғына дейін 7500 орындық 5 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр», – деді Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Олжас Тәжібаев.