Алматыда енді №211 автобус бағыты күн сайын қатынайтын болады

25.06.2024 20:38

Бұрын маршрут тек демалыс күндері жүретін

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Қала тұрғындарының өтініші бойынша №211 бағыты «Спорт сарайы» - «Алма-Арасан» арасында  күн сайын қатынайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұрын маршрут тек демалыс күндері жүретін.

Таулы жерге бейімделген жүріс және тежеу жүйесі бар 2 бірлік Yutong маркалы автобус күнделікті қатынайды.

Маршрутта жолақысын қолма-қол ақшасыз төлеу 100 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлесеңіз, 200 теңге. Бұрын жолақысы 300 теңге болатын.