|
18.09.2022 | 15:39
3372

Ретро әндер: Панфилов көшесінде Алматы тарихына арналған ретро фестиваль өтіп жатыр

Іс-шара кешке дейін жалғасады

Ретро әндер: Панфилов көшесінде Алматы тарихына арналған ретро фестиваль өтіп жатыр пресс-служба акима Алматы

«Сүйем сені, Алматы» фестивалі әрі қарай жалғасып, қыза түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елдің бар назары қазір циркке ауған. Елімізге белгілі акробаттар өнер көрсетіп жатыр. Балалар да, ата-аналар да таң-тамаша. Өнерпаздар түрлі трюктер жасап жатыр.

«Қала күні керемет өтіп жатыр. Әсіресе, балаларға ұнады», – деді қала тұрғыны.

Фестиваль ретро стильде өтіп жатқандықтан жол бойына әр онжылдықта болған елеулі оқиғаларды еске салатын павильондар қойылған. Сондай-ақ 80 жылдардағы әндер шырқалып жатыр. Әйлігі композиторлардың әнін жұрт сондай бір керемет ностальгиямен шырқап жатыр.

«Алматылықтарды мерекемен құттықтаймыз. Мерекеге орай рето әндерді айтып жатырмыз», – деді Еркебұлан Қаламбай «Жаңа ғасыр театрының актері.

Жүрегі Алматы деп соққан кімнің болсын қала тарихынан хабары болмауы мүмкін емес. Шаһардың өзіне тән атмосферасы, қалыптасу жолы бар. Қызық аңыздары да жетерлік. Сондықтан да фестивальдің негізі қала тарихына өрілген. 1940-жылдардан бастап бүгінге дейін болған жарқын оқиғалар, кейіпкерлер әдемі көрме, қойылымдар арқылы беріледі.

Еске салайын, Панфилов көшесінде Алматы тарихына арналған ретро фестиваль өтіп жатыр. Іс-шара кешке дейін жалғасады.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир