Алматы облысының фермерлері «Apple Fest» фестиваліне 150 тонна алма әкеледі
Фото: belchonock/Depositphotos.com
Фестиваль 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Тұңғыш Президент саябағында 17 қыркүйекте өтетін «Apple Fest» фестиваліне 150 тонна алма жеткізуге Алматы облысы шаруашылық қожалықтарының қатысуын ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
2023 жылы қала күнін мерекелеуге Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр ауданының шамамен 45 бау-бақша серіктестігі қатысажды. Фестивальде барлығы алманың 13 түрі, атап айтқанда, лимонка, американка, алтын дәмді, апорт, кандиль, грушовка, Айнур, Салтанат, мельба, Рашида, пеструшка, Гала және Рахат секілді түрі ұсынылады.
«Apple Fest» қалалық фестивалі дәстүрлі мереке және ол қала күнін мерекелеу шеңберінде 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
10.10.2026 12:53
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
10.10.2026 09:10
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
10.10.2026 09:54
Қан қысымын төмендетуге көмектесетін жеміс аталды
09.10.2026 12:17