Алматыда жауапсыз мердігерлерге қатысты шара күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қала әкімінің тапсырмасымен негізгі көшелерде, квартал аралық көшелер мен аулаларда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін құрылыс компанияларына қойылатын талап күшейтілді.
Бұл шара мердігер компаниялардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік қозғалысына барынша кедергі келтірмеуі үшін қолға алынды.
Алматы қалалық құрылыс бақылау басқармасы сапасыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізген алты субьектіні ҚР Әкімшілік кодексінің 312-бабы, 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартты.
Атап айтсақ, «АЖК» АҚ, «Электрокабель зауыты» ЖШС, «Кристалл ММС» ЖШС, «Бадимус Строй» ЖШС, «Сұңқар» ЖШС,«Сигма» ЖШС. Аталған компанияларға 8 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады»,– дейді қала басшылығы.