Бүгін Алматыда белсенді шығармашыл жастар марапатталды. Алғаш рет ұйымдастырылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында 13 азамат 1 миллион теңгеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар жаңа бастамасын іске асырмақ. Ал гранттар бизнес, мәдениет, медиа, ғылым және ақпараттық технология бағытына берілді. Жеңімпаздар идеясын бір жыл ішінде жүзеге асырып, есеп тапсырып отыруы керек.
– Басты мақсатым – күнделікті киіп жүруге, жастарға арналған, ұлттық элементтерге бай сыртқы киімдер коллекциясын дайындау, – деді жеңімпаз Ақерке Тұрарбек.
– Жобаға 116 адам қатысты. Олар 2 ай бақылау кезеңінен өтті. Арасында 13 жас грантқа ие болды, – деді қалалық мәслихат депутаты Әсия Ақанова.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысының Жарлығымен бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырылды