Таза Қазақстан: Алматыдағы саябақтардың бірінде жарықтандыру жүйесі ретке келтірілді

25.07.2024 20:47

Қала тұрғындары мен қонақтары жап-жарық, қауіпсіз жерде тынығады

Almaty.tv

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағының жарықтандыру жүйесі ретке келтірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жөндеу бригадалары траншея қазып, 6 шақырымнан астам жаңа кабель жүргізді. Сондай-ақ жұмыс барысында 470 шам және 450 ажыратқыш ауыстырылды. Саябақтың сыртқы жарықтандыру төлқұжаты жасалды.

– Саябақты жарықтандыру ісі шамамен 1 айға созылды. Ескірген кабелдерді ауыстырдық. Демалыс орны 100 пайыз жарықпен қамтылды деп айта аламын. Қала тұрғындары мен қонақтары жарық, қауіпсіз жерде тынығады, – деді «Алматы қала жарық» МКК басшысы Игорь Мысик.

Оқи отырыңыз: Наурызбай ауданында жаңа көшелер салынады