Алматы қаласында Шағабұтдинов көшесінің бір учаскесінің жол қозғалысына шектеу қойылады

08.06.2022 20:48

Уақытша шектеулер осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырды ауыстыруға байланысты енгізіледі

rv-ryazan.ru

Алматы қаласында Шағабұтдинов көшесінің бір учаскесінің жол қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"2022 жылдың 10-20 маусым аралығында Алматы қаласының Алмалы ауданында Шағабұтдинов көшесі бойынша Құрманғазы көшесінен Шевченко көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады.

Уақытша шектеулер осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырды ауыстыруға байланысты енгізіледі.

Жұмыс жүргізу барысында тұрғындарға ыстық су беру сақталады. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту схемасын алдын ала қарастыруыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.