ЖЭО-3 қайта жаңғыртудан кейін 2030 жылы шығарындылар жылына 11 мың тоннаға азаяды
Автомобильдерден кейін Алматыда ауаны ластаушылар жылу энергетикасы кәсіпорындары мен өнеркәсіптік объектілер болып табылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылы ауаны ластайтын залалды заттардың жалпы көлемі 127 мың тоннаны құрады, оның 46 мың тоннасы стационарлық көздерден.
Атмосфераны ластайтын залалды заттар негізінен ЖЭО-2-ден шығады. Кәсіпорынның отынының 42% дейін Екібастұз көмірі болып табылады. 2021 жылы кәсіпорыннан 38 мың тоннадан астам залалды заттар шыққан. Бұл барлық стационарлық ластану көздерінің эмиссия көлемінен асып түседі. Негізгі отын көмір мен мазут болып табылатын ЖЭО-3 жылына 12,2 мың тонна залалды заттарды шығарады.
Әзірленген "Алматы қаласын 2025 жылға дейін және орта мерзімді перспективаларды 2030 жылға дейін дамыту" Бағдарламасы аясында энергетикалық компаниялардың табиғи газға көшуі көзделген.
"Самұрық-Энерго" АҚ ЖЭО-2 және ЖЭО-3 қоршаған ортаға әсерін барынша азайту үшін оларды табиғи газға ауыстыру үшін тиісті құжаттама әзірленуде.
2021 жылы ЖЭО-2 нақты жалпы шығарындылары 36 мың тоннаны құрады.
2024 жылға дейін ЖЭО-2 көміріндегі 1 қазандық пайдаланудан шығарылады, бұл шығарындыларды жылына 4,5 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жылына 830 тоннаға жуық шығарындылары бар 1 газ блогы іске қосылады. 2025 жылы ЖЭО-2 шығарындылары жылына шамамен 3,7 мың тоннаны құрайды.
Кейіннен кезең-кезеңмен пайдалануға 3 газоблокты (6 турбина) енгізу 2030 жылы шығарындыларды жылына 2,5 тоннаға дейін төмендетеді. ЖЭО-2 табиғи газға көшіру ластаушы заттар шығарындыларының көлемін жылына 33,5 мың тоннаға азайтады.
Алматының экологиялық ахуалына Алматы облысының Іле ауданында орналасқан 3-ЖЭО ластаушы заттардың шығарындылары да әсер етеді. ЖЭО-3 қайта жаңғыртудан кейін 2030 жылы шығарындылар жылына 11 мың тоннаға азаяды. Жаңа ЖЭО-3 шығарындылары жылына 1,2 мың тоннаны құрайды.