Б. Сағынтаев Бостандық және Наурызбай ауданындағы инженерлік инфрақұрылымның құрылыс барысымен танысты

04.05.2021 20:49

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Б. Сағынтаев мегаполис тіршілігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасымен танысты, әрі уақытында пайдалануға беруді тапсырды

пресс-служба акимата г. Алматы

Б. Сағынтаев Бостандық және Наурызбай ауданындағы инженерлік инфрақұрылымның құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Б. Сағынтаев мегаполис тіршілігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасымен танысты, әрі уақытында пайдалануға беруді тапсырды.

Бостандық ауданындағы Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысында «Алмагүл» қосалқы стансасының құрылысы жүргізілуде. Объектіде 200 жұмыс орны ашылған, жұмысшылардың тең жартысы Жұмыспен қамту орталығынан тартылғандар. Жобаның дайындығы - 55%, қуаттылығының өсімі 100 МВт құрайды.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев жыл соңында іске қосылуы жоспарланған қосалқы нысанның жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды. Оның жұмысы қаланың оңтүстік бөлігі тұрғындарының электр энергиясына қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қосалқы стансаға Әл-Фараби даңғ. Жароков көш., Өтепов көш.,  Розыбақиев көш. салынып жатқан және жаңа тұрғын үй кешендері қосылады. Осылайша, «Алмагүл» ықшам ауданындағы GagarinPark, «4YOU, «Комфорт» тұрғын үй кешендерінің 200 мыңнан астам тұтынушысы, сондай-ақ 5685 орынды 11 білім беру нысаны үздіксіз электер энергиясымен қамтамасыз етілетін болады. Одан бөлек, барлық тұтынушыларды қосқаннан кейін қуат қоры шамамен 30-40% құрайды.

«Каскад» қосалқы стансасының құрылысы нысанында Алматы әкімі Б. Сағынтаевқа баяндағанындай, ағымдағы жылдың соңына таман жаңа қосалқы станса пайдалануға берілген соң, апатты жағдайдарды 5%-ға төмендетуге мүмкіндік туады. Қуаттылығының артуы 64 МВт.

Жобаның мақсаты - Каскад ГЭС-ның қуатын 110 кВ желісіне жеткізе отырып, қала тұтынушыларының қажеттілігін жабу, өсіп келе жатқан қаланы электрмен жабдықтаудағы қалыптасқан проблемаларды жою. Жобаланған электр желілері – бұл 35 кВ желілерді кезең-кезеңімен жою және қуатты желілермен ауыстыру болып табылады.

Қосалқы станция қосылған аумақтарда салынып жатқан және пайдалануға берілген объектілердің 250 мың тұтынушысын үздіксіз электрмен қамтамасыз етеді, оның ішінде Алатау, Нұрлытау, Ерменсай, Жайлау ықшам аудандары да бар. Жобаның дайындығы – 65%.

Сонымен қатар, Алматы әкімі Б. Сағынтаев Қарғалы өзені арқылы өтетін, Тәжиева көшесі бойындағы көпірді жөндеу жұмыстарымен және Наурызбай ауданы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін су қабылдайтын құрылым мен су тазарту стансасының жұмысымен танысты.

Су қабылдайтын құрылғы құрылысы және су тазарту стансасын салу жобасы 2015 жылдың шілдесіндегі селдің салдарын жоюды, сондай-ақ қираған құрылымдарды қалпына келтіру мен жөндеуді қамтиды. Жыл соңында пайдалануға берілгеннен кейін Наурызбай ауданының 50 мың тұрғыны  толығымен  сапалы ауыз сумен қамтамасыз  етіледі.

Б. Сағынтаев өмірлік маңызы бар нысанды салатын мердігердің жұмысын бақылауды тапсырды, өйткені  Наурызбай ауданының қалаға қосылған тұрғындарының өмір сапасы осыған қатысты. Нысанды сапалы әрі мерзімінде тапсыру қажет. Келісім шарты бұзылған  жағдайда, контракт жыртылады және жауапсыз мердігер қара тізімге енгізіледі.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев атап өткендей, «Жаңа Алматы» кешенді жоспарының аясында жүргізіліп жатқан инфрақұрылымды дамыту жөніндегі ауқымды жұмыстардың арқасында алдағы бір, екі жылда қалаға қосылған шағын аудандарды электрмен, сумен, жаңа жолдармен және сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету бойынша жағдай тұрақталады.