Медеу ауданында Жаңа жылдық мерекеге жүзге жуық бала қатысты

27.12.2022 20:49

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік кеште эстрада әншілері өнер көрсетті

Almaty.tv

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Жаңа жылдық мерекені Медеу ауданы әкімдігі де ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл сайын өткізілетін іс-шараға жүзге жуық бала қатысып, арнайы сыйлыққа ие болды. Кішкентей бүлдіршіндер көптен күткен концерттік бағдарламаға белсене араласты. Өздері дайындап келген өнерін ортаға салып, қоғамның бір бөлшегі екендерін сезінгендей болды. Іс-шараға өнер жұлдыздары да қатысты.

«Өз деңгейінде өтіп жатыр деп ойлаймын. Балалардың қолөнер жұмысы бар. Көрме бар. Салған суретін, өздері жасаған қолөнер бүйымдарын, ата-анасының еңбегін қойып жатыр», – деді Медеу ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Шайыққызы.

«Екінші қызым тоғыз жаста. Онға толады. ДЦП-мен аурады. Бәрін түсінгенімен қозғалып жүре алмағаннан соң, көп жерге бара алмайды. Жаңа ақшақарды көрді, басқа кейіпкерлерді көрді. Билеп қуанып, қызығады», – деді ата-ана Лаура Асқарқызы.