Алматыда коммуналдық тариф қалай өзгереді

elements.envato.com
elements.envato.com

Бұл туралы Әсел Бөденеева айтып берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденеева Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде сөйлеген сөзінде «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы шеңберінде коммуналдық қызметтер тарифтерінің өзгеру себептері туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спикердің мәліметінше, департамент табиғи монополиялардың базалық субъектілерінің сумен жабдықтау және су бұру, жылу энергиясын өндіру, жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау және электр энергиясын беру қызметтері бойынша қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін тарифтерді өзгертуге өтінімдерді, сондай-ақ электр энергиясын жабдықтау бағасының алдағы уақытта көтерілуі туралы хабарлама да қаралған.

«Тарифті өзгерту үшін стратегиялық тауарлар құнының өзгеруі, бекітілген инвестициялық бағдарламаның өзгеруі және экономикалық қызмет түрлері бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысының өзгеруі, сондай-ақ реттеліп көрсетілетін қызметтерді («Алатау Жарық Компаниясы» АҚ) ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті теңгерімге және сенімгерлік басқаруға алу негіз болды», - деп хабарлады Ә. Бөденеева.

Өтінімдер жобасына сәйкес, салалар бойынша тарифтер келесідей:

- сумен қамту бойынша: орташа - 92,11 теңге/м3 (33,43%), халық үшін 63,12 (47,27%);

- су тарту бойынша орташа  - 53,30 теңге/м3 (44,64%), халық үшін 35,56 (53,94%);

- жылу энергиясын беру, тарату және жабдықтау бойынша:

- жылумен қамут бойынша орташа тариф 9 982,97 теңге/Гкал (43,44%) халық үшін 7 478,56 тенге/Гкал (43,444%);

- жылыту маусымында ыстық сумен қамту 558,32 теңге/м3 (36,6%) жылытуаралық маусымда 513,45 теңге/м3 (36%).

- электр энергиясымен жабдықтау бойынша мәлімделген орташа түсім тарифі 26,27 теңге/кВт (18,44%) құрады, халық үшін  23,38 теңге/кВт.сағ (20%).

«Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы бекіткен желілерді теңгерімге беру жоспарына сәйкес желілер «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ теңгеріміне берілді, оларды ұстау бойынша шығындар өтінім жобасымен де ұсынылды», - деп толықтырды ол.

Хабарланғандай, осы жылдың 14 маусымында бекітілген инвестициялық бағдарламаларды өзгерту негізінде ұсынылған тарифтер мен тарифтік сметалар жобаларын талқылау бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.

Департамент жүргізген талдау нәтижелері бойынша 2023 жылға тарифтерді қолданысқа енгізе отырып, 1 шілдеден бастап келесі субъектілер бойынша шешімдер қабылданды:

- «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ элктр энергиясын беру қызметіне тариф  тариф 1,26 теңгені құрады, яғни, сағатына 7,05-тен   8,31 теңгеге дейін кВт қосымша құн салығынсыз;

- «Алматы Су» ШЖҚ МКК сумен қамту қызметінің тарифі, орташа тариф текше метр су үшін 63,08 теңгеден м3 үшін 88,09 теңгеге дейін көбейді, қосымша құн салығынсыз:

- халық үшін тариф өсімі 6,4 теңгені құрады, яғни, м3 үшін  42,86 теңгеден 49,29 теңгеге/м3 дейін, қосымша құн салығынсыз.

Су бұру бойынша орташа тариф 13,89 теңгеге ұлғайды, яғни ҚҚС-сыз 36,85 теңгеден/м3 50,74 теңге/м3 дейін:

- халық үшін тариф 3,47 теңгеге өсті, яғни ҚҚС-сыз 23,10 теңгеден/м3 26,57 теңгеге/м3 дейін;

Сонымен қатар, бұл жерде тұратын тұтынушылар үшін артық төлем:

-Тұрғын ауданы 30 м2 болатын 1 бөлмелі пәтер суық сумен жабдықтау бойынша 43 теңгені және кәріз үшін 41 теңгені құрайды;

-Тұрғын ауданы 55 м2 болатын 2 бөлмелі пәтер суық сумен жабдықтау бойынша 65 теңгені және кәріз үшін 60 теңгені құрайды;

- Суық сумен жабдықтау бойынша тұрғын ауданы 70 м2 болатын 3 бөлмелі пәтер 86 теңгені және кәріз үшін 81 теңгені құрайды.

«Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтерге тариф 2 122,48 теңгеге өсті, яғни 5 637,02 теңгеден/Гкал ҚҚС-сыз 7 759,51 теңгеге дейін өсті, «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС Халыққа қызмет көрсетпейтіні атап өтілді.

«Алматы жылу желілері» ЖШС жылу энергиясын беру, бөлу және жабдықтау қызметтеріне орташа тариф 6 959,52 теңгеден/Гкал ҚҚС-сыз 8 868,94 теңгеге/Гкал дейін ұлғайды, өсім 1 909,42 теңгені құрады - бұл 27,44%;

- халық үшін орташа тариф ҚҚС-сыз 5 213,6 теңгеден ҚҚС-сыз 6 256,32 теңгеге дейін (+1 042,72 теңге).

- Халық үшін тариф 917,36 теңгеге ұлғайды,яғни 4 586,81 теңге/Гкал-дан 5 504,17 теңгеге дейін / ҚҚС-сыз Гкал;

- Халық үшін тариф 1 438,95 теңгеге ұлғайды, яғни ҚҚС-сыз 6 256,32 теңгеден 7 695,28 теңгеге дейін.

Жылыту кезеңінде үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін артық төлем:

- Тұрғын ауданы 30 м2 1 бөлмелі пәтер-1 032 теңге;

- Тұрғын ауданы 55 м2 2 бөлмелі пәтер-1 989 теңге;

- Тұрғын ауданы 70 м2 3 бөлмелі пәтер-2 402 теңге, оның ішінде ыстық сумен жабдықтау бойынша 90 теңге көлемінде.

Сонымен қатар, жылыту кезеңінде үйге ортақ жылу энергиясын есептеу құралдары бар тұтынушылар үшін жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшін артық төлем:

- Тұрғын ауданы 30 м2 1 бөлмелі пәтер - 689 теңге;

- Тұрғын ауданы 55 м2 2 бөлмелі пәтер - 1 215 теңге;

- Тұрғын ауданы 70 м2 3 бөлмелі пәтер - 1 531 теңге, оның ішінде ыстық сумен жабдықтау бойынша артық төлем 50 теңге.

«Ең алдымен, бұл шаралар желілер мен негізгі жабдықтардың қатты тозуымен байланысты, соның салдарынан негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту үшін жөндеу науқандары мен қайта құру қажет», - деп түйіндеді Ә.Бөденеева.

Новости партнеров