Жеке шоттарды ашу үшін тұтынушы бірқатар рәсімдерді орындауы қажет
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс жүргізуде. Осыған байланысты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, иесіз қалған желілерді қала балансына беру жұмыстары жүргізілуде.
Әсет Масабаев бұл шаралар коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендетуге мүмкіндік беретінін айтты.
«Алатау Жарық компаниясы әрбір тұтынушы үшін дербес шоттар ашады. Бірақ дербес шотты алу үшін техникалық шарттарды орындау қажет. Үйге жақын орналасқан бағаннан электр желілерін тарту үшін есептеу құралдарын орнату керек. Осы рәсімдерден кейін сізге жеке шоттар ашылады. Ол қалада жүретін бірыңғай тариф болу үшін керек. Сондай-ақ, бұл электрмен жабдықтау кезінде сапалы коммуналдық қызметтерді алу бөлігінде проблемалар немесе басқа да мәселелер туындамауы үшін қажет», – деп толықтырды Әсет Масабаев.
Берік Сағындықовтың айтуынша, жеке шоттарды ашу үшін тұтынушы бірқатар рәсімдерді орындауы қажет.
«Жеке шоттарды алу үшін тұтынушылар 7 аудандық электр желілерінің кез келгеніне (РЭҚ) жүгінуі қажет немесе azhk.kz сайтына техникалық шарттарды алу үшін электронды түрде өтініш жіберу керек», – деді Берік Сағындықов.
Тіркелгеннен кейін 5 күн ішінде өтініш беруші дайын техникалық шарттарды алады. Оны одан әрі орындау қажет болады. Жеке есептегіш құралды жұмыс істеп тұрған жүйеге орналастыру керек. Одан ары аудан желісіне техникалық талаптар орындалғанын хабарлау кажет. Өз кезегінде, РЭҚ маманы есептегіш құралды қабылдап, құжаттарды электрмен жабдықтауға жеке шот аштыру үшін жібереді.