|
29.07.2022 | 14:37
11597

Тамызда Алматыда Қала құрылысы кеңесі жұмысын бастайды

Бұл туралы Қазақстан сәулетшілер одағының президент Серік Сұлтанғали брифингіде айтты

Тамызда Алматыда Қала құрылысы кеңесі жұмысын бастайды ашық дереккөз

Тамыздан бастап Алматыда қала құрылысы кеңесі жұмысын бастайды. Кеңес қаладағы жөн-жосықсыз кеткен құрылысты ретке келтіруге күш салмақ. Мұндай мәліметті Қазақстан сәулетшілер одағының президенті орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды

Алматы – көптің сүйікті қаласы. Бірақ сәулетшілердің айтуынша, шаһар шырайын тоқтап қалған құрылыс пен нысандардың тығыз орналасуы бұзып тұр. Сәулетшілер одағының президенті Серік Сұлтанғали бұл жағдайды мемлекет басшысына да жеткізгенін айтты. Енді аталған мәселелерді жүйелеуге бірлескен шешім қажет.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына жазған хатымда сәулет саласындағы мәселелерді көтере отырып, Алматы қаласын мысалға келтірдім. Алматының ең басты проблемасы – жобалар сейсмиканы ескермей іске асырылып келеді. Қазіргі күні Алматының әкімі қала құрылысы  кеңесін құрды. 1 тамыздан бастап сол кеңес жұмыс істей бастайтын болады», – деді Қазақстан сәулетшілер одағының президенті Серік Сұлтанғали.

Одақ төрағасының айтуынша, құрылыс жоспарындағы кемшілік мегаполистің инфрақұрылымына да зиян келтірген. Олқылықты ретке келтіру үшін іске әкімдікті тартыпты. Жұмыс тобы заңсыз салынған нысандар, архитектуралық талапқа келмейтін құрылысты қалпына келтірмек. Сәулетшілер саладан мүлдем хабарсыз жанның көптігін атап өтті.

«Сәулетші – үйдің қасбеттерін әрлейтін, оның дизайнын жасайтын адам емес. Ол шын мәнінде қала, облыс немесе ауылдың болашағын қалыптастыратын маман. Әр құрылыстың өзіндік маңызы бар. Мектеп болсын, аурухана болсын. Содан барып сәулетшілердің мәртебесі төмендеп кеткенін көресің», – деді сәулетші Алексей Абилов

Ақпараттық алаңда сәулетші бас жоспарға бағынбай, өз қалауымен құрылыс жүргізетін компанияларды жазалау керектігін айтты. Ол үшін заңға өзгеріс енгізу керек деді. Зәулім үйлер тұрғызылғанымен сол аумақтағы тұрғындарға қажетті саябақ, мектеп, балабақша, дүкен, ойын алаңдарын жасау ескерілмейді. Сәулетшілер кемшілікті бүгін қолға алмасақ,  кейін кеш болатынын ескертті.  

Кәмшат Мұхамеджан, Ринат Өтеев, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир