Биыл Алмалы ауданында 2 мыңға жуық ағаш отырғызылды

23.06.2022 в 20:54

Жыл соңына дейін тағы 10 мыңнан астам көшет отырғызылады

Биыл Алматының Алмалы ауданы аумағына 2 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Жыл соңына дейін тағы 10 мыңнан астам көшет отырғызылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv. 

"Жалпы, ауданда 220 мыңға жуық ағаш бар. Дегенмен апатты жағдайда тұрған ағаштар көп. Жасыл қорды жасарту және жаңарту бағдарламасының аясында биыл Алмалы ауданындағы апатты жағдайдағы 700 ағашты кесіп, орнына 7 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Менің бастамам бойынша алғаш рет аулалардағы апатты жағдайдағы ағаштарды кесе бастаймыз. Қала бойынша 5 мың апатты ағашқа, оның ішінде Алмалы ауданында 800 апатты ағашқа квота белгіленген. Сондықтан тұрғындар аудандық әкімдіктерге өтінім бере алады", - деді қала әкімі.

Өткен жылы ауданның негізгі көшелерінің бойында орналасқан 12 көпқабатты тұрғын үйдің фасадтары жаңартылды. Ал биыл фасадтарды жөндеу жұмыстарын 3-4 қабатқа дейінгі 44 үйге көбейтіледі.