Алматыда электр энергиясының тарифі төмендеді

25.01.2021 22:06

Тұрғындар 554 млн, ал, заңды тұлғалар 820 млн теңгеге дейін үнемдейді деп болжанып отыр

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда электр энергиясының тарифі төмендеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Республикалық табиғи монополияларды реттеу комитетінің хабарлауынша, жеке тұлғалар үшін жарықтың тарифі бір киловаттына 17 теңге 12 тиыннан 16 теңге 86 тиынға, ал заңды тұлғалар үшін 18 теңге 47 тиыннан 18 теңге 25 тиынға арзандады. Бұл көрсеткіш 1 ақпаннан бастап есептеледі. Осылайша, тұрғындар 554 млн, ал, заңды тұлғалар 820 млн теңгеге дейін үнемдейді деп болжанып отыр.