Алматыда С. Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінде мәдени-танымдық кездесу өтті

Алматыда С. Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінде мәдени-танымдық кездесу өтті
Кештің басты мақсаты – көрнекті тұлғалардың баға жетпес рухани құнды мұраларын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінде мәдени-танымдық кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен музейаралық шығармашылық байланыстар аясында өткен шараға белгілі қаламгер Сәбит Мұқанов пен Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің шығармашылығы арқау болды. Кештің басты мақсаты – көрнекті тұлғалардың баға жетпес рухани құнды мұраларын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау. 

«Батырлық дастандарды Сәбең жасынан жаттап өссе, батыр болған Мәлік Ғабдуллинді соған тәрбиеледі. Батырлық дастандарды зерттеуге бейімдеді. Соғыстан батыр болып оралғаннан кейін де бұлардың арасындағы осы мына біздің ауыз әдебиетінің фольклорды зерттеуге байланысты ортақ ұғым, түсініктері, пікір алмасулары өмірбақи жалғасып отырды», – деді С. Мұқанов пен Ғ.Мұсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің жетекшісі Әділғазы Қайырбеков.

Новости партнеров