Айналаға сән беріп тұратын қолөнер туындысы көпшілікке қуаныш сыйлады
Алматының бір топ белсенділері жақсылықтың нышаны ретінде шеберлерге металлдан ағаш жасатып, қалаға сыйға тартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Салмағы 500 келі болатын бұйым 2 ай дайындалыпты. Авторлардың айтуынша, тілек ағашын орнатудағы мақсат – ата-бабадан дарыған күшті бойға сіңіріп, тамырдың терең жайылуы арқылы ұрпақтар сабақтастығын көрсету. Айналаға сән беріп тұратын қолөнер туындысы көпшілікке қуаныш сыйлады.
«Осы сәтті пайдалана отырып Алматы қаласының тұрғындарын және қала қонақтарын осы жерге келіп, естелікке фотоға түсуге, тілек тілеуге шақырамыз», – деді идея авторы Альбина Төребек.
Қала тұрғындары да мұндай өнер туындысының ашылғанына дән риза.
«Өте әдемі салынған. Өзіме ұнады. Менің ойымша ағаш – сүйіспеншілік пен бақыттың символы. Жасап шығарған адамдарға алғысым шексіз», – дейді қала тұрғыны Әлия Құсайынова.