Алматы салықтары республикалық бюджеттің 28%-ын қамтамасыз етеді

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Бұл туралы мәслихаттың VII сессиясында Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы салықтары республикалық бюджеттің 28%-ын қамтамасыз етеді. Бұл туралы мәслихаттың VII сессиясында Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол өз сөзінде Алматы республика бюджеті үшін негізгі донорлардың бірі болып қала беретінін ерекше атап өтті.

Алматы бірнеше жылдан бері республикалық бюджетке берілетін салық түсімдері бойынша көшбасшылардың бірі болып келеді.

«2023 жылы мемлекеттік бюджетке түсетін қаржы көлемі шамамен 3 трлн теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджетке 2,1 трлн теңге немесе 72%. Қаланың жергілікті бюджетіне түсетін түсімдер 129%-ға асыра орындалды және 843 млрд теңгені құрады», - деді Асқар Әмрин депутаттарға.

Кірістер өсуінің жоғары қарқынын ескере отырып, мегаполис үшін жалпы сомасы 81,9 млрд теңгеге негізгі жобаларды қосымша қаржыландыруға мүмкіндік туды.

Новости партнеров