Алматыда «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша бір жылда 5206 пәтер салынды

16.04.2021 20:59

Сонымен қатар «Шаңырақ» бағдарламасы жұмыс істейді, соның арқасында алматылықтар үшін 3648 жаңа пәтер салынды

Фото: korter.kz

Оңтүстік астанада жаңа тұрғын үй құрылысының қарқыны туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде Алматының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев баяндады. Ол бүгінде жұмыс жүргізіліп жатқан бес негізгі бағыт туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ең маңыздыларының бірі - тұрғын үй құрылысы. Нұрашевтің айтуынша, «Нұрлы Жер» бағдарламасының арқасында өткен жылы 5206 пәтерге қоныстанған жүздеген отбасы өздерінің баспаналы болу арманын орындады. Оның 267-сі көп балалы отбасыларға, 350 жұмыс істейтін жастарға берілді және 828-і жалға берілетін тұрғын үй ретінде кезекте тұрғандар арасында бөлінді.

Алматының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтің айтуынша, ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы халықтың қалың жігіне тиімді шарттар бойынша жеке тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама жаңа ғимараттардағы тұрғын үйдің ең төменгі бағаларын ұсынады.

Сапар Нұрашевтің мәліметінше, өткен жылы бағдарламаның арқасында жалпы сомасы 66,5 млрд.теңгеге 5206 пәтер салынды. Оның 828-і жалға берілетін және 4 378-і несиелік тұрғын үй пәтерлері.

Сонымен қатар «Шаңырақ» бағдарламасы жұмыс істейді, соның арқасында алматылықтар үшін 3648 жаңа пәтер салынды.

Биыл қолжетімді тұрғын үйдің кең ауқымды құрылысы жалғасуда.

«2021 жылы Түрксіб ауданының „Жас қанат“ шағын ауданында 2 730 пәтердің құрылысы басталды, оның ішінде 1451 пәтер жалға берілетін, 1279 пәтер кредиттік тұрғын үй. Қолжетімді тұрғын үй құрылысына Базис және Казак-строй сияқты ірі компаниялар тартылғанын атап өткім келеді», — деді қалалық жайлы орта басқармасының спикері.

Сапар Нұрашев 2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында коммерциялық тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін республикалық бюджет қаражатынан Шұғыла, Ақбұлақ, Атырау ш. а-ғы., Восточка ТК-не, Алғабас және Жас қанат ш.а. 222 көппәтерлі тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық желілер тартылғанын айтты. Нәтижесінде 16 мыңнан астам пәтер салынды, олардың 50% бөлігі Мемлекеттік бағдарламалар бойынша іске асырылды.

Осы бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасатын болады. 227 тұрғын үйге инженерлік желілердің тартылуы алдын ала мәлімделген.

«Тұрғын үй секторының құрылысымен білім беру және денсаулық сақтаудың әлеуметтік объектілерін кешенді дамыту жүргізілуде. Құрылыс салушылар өз учаскелерінде мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелерді көздейді. Кейіннен бұл нысандар қаланың коммуналдық меншігіне берілетін болады, тиісті тетік пысықталуда», — деп қорытындылады С. Нұрашев.

Айта кетейік, жаңа шағын аудандарда барлығы 18 білім беру нысаны салынды, соның арқасында 3817 оқушы орны және 240 мектепке дейінгі білім беру орны пайда болды.