60 отбасына мектепке қажетті құралдармен қамтыды
Алматыда «Бақытты отбасы» жобасының аясында «Балаларды мектепке дайындаймыз» акциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кардиологиялық орталықтың ұжымы мен қалалық мәслихат депутаттары 60 отбасына мектепке қажетті құралдармен қамтыды. Көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасына 30 мың теңгелік сертификаттар табысталды.
«Мұндай іс-шара бізде жылда аталып өтіледі, колективіміз үлкен. Биылғы жылы сол мектепке баратын 60 баланың қуанышын бөлісіп, ақ жол тілеп отырмыз», – деді қалалық мәслихат депутаты Алмат Қодасбаев.