Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні 200 домбырашы күй орындады
Наурызнаманың онкүндігі аясында Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні атап өтілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Еліміздің түрлі мәдениеті, өнері мен ұлттық құндылықтарына арналған бұл күні театр фойесі бірден 200 жас домбырашының орындауындағы қазақ күйлерінің ғажап әуендеріне толды. Олардың кенжесі небәрі 6 жаста! Олардың барлығы Әуезов ауданының "Даму Бала" шығармашылық үйірмелерінің тәрбиеленушілері.
Құрманғазының "Адай" және "Балбырауын", Ә. Желдібаеваның "Ерке сылқым", Н. Тілендиевтің "Әлқисса" және басқа да күй орындалды.
Оқи отырыңыз: Алматыда "Қайырымдық күні" қалай атап өтілді