|
26.05.2022 | 16:01
962

Жетісу ауданында ауыз су мәселесі қалай шешіледі

2022 жылы жалпы ұзындығы 27,3 км болатын 20 көшенің жол төсемін орташа жөндеу жоспарланған

Жетісу ауданында ауыз су мәселесі қалай шешіледі Фото: ашық дереккөзден

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданындағы ауыз су мәселесін қалай шешілетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкімнің айтуынша, Кемел шағынауданындағы сумен жабдықтау және су бұру мәселесі басты назарда.

"2021 жылдың қыркүйегінде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу үшін мердігер белгілі болды. Алайда, ол өз міндеттерін дұрыс орындамады. Сондықтан біз шартты сот арқылы бұзуға мәжбүр болдық. Сол себепті жобаны орындау келесі жылға қалып отыр. Биыл Қазыбаев, Тәтібеков көшесі және Рысқұлов, Райымбек даңғылы (су құбыры – 43 км, канализация – 15 км), сонымен бірге Сейфуллин, Солтүстік айналым, Рысқұлов, Боралдай көшелерінің (су құбыры – 31,4 км, канализация – 7,8 км) арасындағы су құбыры желілерін реконструкциялау және канализация салу жұмыстары аяқталады.Осы жылдың мамыр айында 68 көшеге сумен жабдықтау үшін мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды (құны 8,6 млрд. теңге). Жылдың соңына дейін мердігер ұйымды анықтаймыз. Ал келесі жылдың көктемінде желілерді салу жұмыстарын толық бастаймыз. Жолдарға асфальтті инженерлік желілер, кәріз жүйелері пайдалануға берілгеннен кейін ғана төсейтін боламыз. Жетісу ауданы «транзиттік жолда» орналасқан, сондықтан жол төсемі тозған. Бұл қала тұрғындарының жайлы өмір сүру көрсеткішіне әсер етеді. 2022 жылы жалпы ұзындығы 27,3 км болатын 20 көшенің жол төсемін орташа жөндеу жоспарланған", - деді қала әкімі.

Сондай-ақ Ерболат Досаев Жетісу ауданы қаланың төменгі бөлігінде орналасқандықтан, жауын-шашын кезінде су басу қаупі бар екенін атап өтті.

"Бұл проблеманы жедел шешу үшін осы жылдың соңына дейін 7 мекенжайда: Алматы-2 вокзалы, Крылов, Брюсов, Москвин, Самырсын көшелері және Рысқұлов, Райымбек даңғылдарында арық жүйесін жөндеуді аяқтаймыз. Сонымен бірге Райымбек даңғылындағы су бұру коллекторларын қалпына келтіреміз. Бұл мегаполистің жоғары бөлігінен келетін жаңбыр суын азайтуға мүмкіндік береді. Су басу проблемасын шешу мақсатында 27 көшедегі жаңбыр суына арналған 26,5 км арық желілері мен коллекторларды салу және реконструкциялау үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді (құрылысы 2023 жылы аяқталады). Және аудан әкімдігінің күшімен 27 учаскедегі 4,3 км арық желілерін жөндеу жоспарланған (Айнабұлақ-1,2,3,4, Көкжиек және Құлагер шағынауданы, Брюсов, Гастелло, Герцен, Жансүгіров көшелері және басқалар)", - деді Ерболат Досаев.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир