Елімізде интернет алаяқтар саны артты

Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
Ең көп тарағаны онлайн сауда екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде интернет алаяқтық қылмысы өршіп тұр. Ол туралы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның айтуынша, егер 2017 жылы 2 мың интернет алаяқтық оқиғасы кездессе, өткен жылы 21 мыңнан астам жағдай тіркелген. Ал ең көп тарағаны онлайн сауда екен.

«Биыл 4 айда онлайн сауда бойынша 2,5 мың факті тіркелді. Онда алаяқтар тауар немесе көрсететін қызмет үшін алдын ала төлем алады. Азаматтардың жеке деректерін алғаннан кейін банк шотынан ақша ұрлау бойынша 1,8 мың факті әшкереленді. Онлайн қарыз рәсімдеу арқылы 1 мыңнан астам қылмыс жасалды. Ақшаны әртүрлі тиімді жобаларға, инвестицияға, ставкаға және басқа да салаға салып, көбейтіп беру сылтауымен 400-ге жуық алаяқтық тіркелді», – деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров.

Новости партнеров