Мектептерде 7790 оқушыға орын жетіспейді
Наурызбай ауданында жаңа 5 мектеп салынып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Аудандағы Қалқаман-2 шағынауданында 2700 орынды 3 мектеп және Шұғыла шағын ауданында әрқайсысы 1200 орынды 2 мектеп салынып жатыр", - деді әкім.
Оның айтуынша, 2021 жылы Ақжар және Рахат шағынаудандарында 2 жеке меншік мектеп ашылды. Сондай-ақ биыл Қалқаман шағынауданында 1800 орынды мемлекеттік мектеп пайдалануға берілді.