Магистральдық және тарату құбырларын сынақтан өткізу бірнеше көшеде жүргізіледі
Жаңа жылыту маусымы қарсаңында жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізудің соңғы кезеңі Алматының барлық аудан аумақтарында өткізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалық аумақтарын анықтау үшін жүргізіледі.
Магистральдық және тарату құбырларын сынақтан өткізу мына көшелерде жүргізіледі:
4 қыркүйекте
Алатау ауданында:
Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова;
Алмалы және Бостандық аудандарында:
Қарасай батыр – Қожамқұлов – Тимирязев – Розыбакиев;
Қарасай батыр – Байзақов – Өтепов – Розыбакиев.
4 және 5 қыркүйекте
Алмалы және Жетісу аудандарында:
Абылай хан– Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов.
4 қыркүйектен 13 қыркүйекке дейін
Бостандық ауданында:
Мирас шағынауданы – Асқаров – Садықов – Орбита шағынауданы - Сайын – Рысқұлбеков – Розыбакиев – Ходжанов – Үлкен Алматы – Өтепов – Жароков – Басенов;
Қазақфильм шағынауданы - Лисянский – Розыбакиев – Жароков - Эксперименттік база – Ходжанов – Әл-Фараби – Алмагүл шағынауданы.
5 қыркүйекте
Наурызбай ауданында:
Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда.
5 және 6 қыркүйекте
Әуезов ауданында:
Ұлықбек – Рысқұлбеков – Саин – Үлкен Алматы өзені;
Алмалы, Жетісу және Медеу аудандарында:
Сейфуллин – Рысқұлов – Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь.
6 қыркүйекте
Алатау ауданында:
Мөңке би – Момышұлы – Фариза Оңғарсынова – Зерделі ықшамауданы;
Алмалы және Бостандық аудандарында:
Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов – Айманов.
7 қыркүйекте
Наурызбай ауданында:
Проектируемая – Айтбаев – Райымбек – Алтын Алаш.
7 және 8 қыркүйекте
Алмалы, Әуезов және Бостандық аудандарында:
Төле би-Сәтпаев – Әшімов – Ислам Кәрімов.
7 және 13 қыркүйекте
Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында:
Гоголь – Курганская– Сәтбаев – Чайковский;
Әйтеке би – Панфилов – Шевченко– Желтоқсан – Тимирязев – Байтұрсынов;
Панфилов– Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь – Есентай өзені.
8 қыркүйекте
Алмалы және Жетісу аудандарында:
Райымбек – Бродский– Рысқұлов – Сейфуллин;
Алатау ауданында:
Аққайнар кенті – Мәмбетов – ҮАК-ның оңтүстік жағы.
11 қыркүйекте
Алмалы ауданында:
Шокина – Қарасай батыр – Емцов – Райымбек;
Алатау ауданында:
Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Немирович-Данченко.
12 қыркүйекте
Әуезов ауданында:
Төле би – Райымбек – Яссауи – Емцов.
12 және 13 қыркүйекте
Алмалы, Әуезов және Бостандық аудандарында:
Төле би – Рысқұлова – Яссауи – Ислам Каримов.
13 қыркүйекте
Алмалы ауданында:
Қарасай батыр – Ислам Каримов – Райымбек-Масаншы;
Әуезов ауданында:
Ұлықбек – Жандосов – Саин – Яссауи.
«Аталған аумақтарда тұратын барлық тұтынушыны ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталады.
Магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде күн сайын таңғы сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін – қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына сақ болуды ұсынамыз. Оқыс жағдай туындаса, өз бетіңізше ешқандай дербес әрекет жасамаңыз, дереу «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-на Алматы қаласындағы мына телефондар арқылы хабарласыңыз: 378-06-48, 378-06-62 (тікелей нөмір), call- орталық: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сонымен қатар, 109. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз!»- делінген хабарламада.