Алматыда қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті

12.12.2022 21:04

Шаһарда 3200-ден аса үкіметтік емес ұйым бар

Almaty.tv

Алматыда қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес сектор өкілдері, сарапшылар қатысты. Кеңестің басты мақсаты – қоғам мен биліктің арасын жалғап тұрған үкіметтік емес ұйымдарды дамыту, олардың мемлекеттік мекемелермен қарым-қатынасын одан ары жетілдіру. Кездесу барысында келесі жылдың жоспары талқыланды. Алматы әкімдігі қаладағы үкіметтік емес ұйымдармен тығыз жұмыс істеп келеді.

«Үкіметтік емес ұйымдармен ықпалдастық және байланыс жөніндегі кеңестің отырысын өткіздік. Отырысқа қаламыздағы белсенді үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, мемлекеттік органдардың өкілі қатысты. Мемлекеттік органдарменен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы байланыстың қандай проблемасы бар, жақсы нәтижесі бар? Соның бәрін талқыладық. Сондай-ақ әлеуметтік жобаларды мониторингісі туралы бірқатар ұсыныстар тыңдалды», – деді Қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдар Есенбеков.

Айта кетейік, Алматы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі кеңес 2013 жылы құрылған. Шаһарда 3200-ден аса үкіметтік емес ұйым бар. Оның 1500-ден астамы қоғамдық қор болса, 1300-ге жуығы қоғамдық ұйымдар.