|
26.04.2022 | 16:04
827

Алматыда «Назар аударыңыз, балалар!» науқаны басталды

Полицияда жол қозғалысына қатысушыларды ЖҚЕ қатаң сақтауға шақырды

Алматыда «Назар аударыңыз, балалар!» науқаны басталды Фото: ашық дереккөзден

Алматыда «Назар аударыңыз, балалар!» науқаны басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында 2022 жылғы 25 сәуір мен 20 мамыр аралығында қала аумағында «Назар аударыңыз, балалар!» республикалық науқаны жүргізілуде.

«Бұл күндері қаладағы жалпы білім беретін мектептерде түсіндіру жұмысы жандана бастайды.  Мүдделі қызметтермен жалпы білім беретін мектептер орналасқан жердегі жол желісінің және көлік қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жағдайына шолу жүргізіледі.  Сонымен қатар балалардың қатысуымен болған ЖКО-ның жергілікті ошақтарының орынын талдауды ескере отырып, полиция бөлімшелерінің посты мен патрульдік наряды барынша қоғамдық тәртіпті қорғауға және жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтауға бағытталған», - деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Сондай-ақ полицияда жол қозғалысына қатысушыларды ЖҚЕ қатаң сақтауға шақырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир