«Алматы жастары» бағдарламасының нәтижесі белгілі болды

bizmedia.kz
bizmedia.kz
Өтініш 2022 жылдың 18 мамырынан 1 маусымына дейін қабылданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы «Алматы жастары» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасының алдын ала қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өтініш 2022 жылдың 18 мамырынан 1 маусымына дейін қабылданды.

Барлығы 11 199 өтініш келіп түсті:

1. Білім беру – 3 943;

2. Денсаулық сақтау – 3 096;

3. Әлеуметтік сала – 1 384;

4. ЖОО мен ҒЗИ – 1 208;

5. Құқық қорғау органдары – 792;

6. Мәдениет – 453;

7. БАҚ – 187;

8. Спорт – 136

Қарау қорытындысы бойынша 1676 өтініш мақұлданды және оң қаралды, оның ішінде салалар бойынша:

1. Білім беру –539;

2. Денсаулық сақтау –444;

3. Құқық қорғау органдары – 263;

4. ЖОО мен ҒЗИ – 257;

5. Мәдениет – 89;

6. БАҚ – 35;

7. Әлеуметтік сала –31;

8. Спорт – 18

Өтінішті қарау қорытындысы бойынша 1676 өтінімді мақұлдады, олар мына салалар бойынша:

1. Білімі-539.

2. Денсаулық сақтау – 444.

3. Құқық қорғау органдары – 263.

4. ЖОО мен ҒЗИ – 257.

5. Мәдениет – 89.

6. БАҚ – 35.

7. Әлеуметтік сала-31.

8. Спорт – 18.

Салалар бойынша жинаған баллдарына байланысты 1000 үміткерге сайттағы жеке кабинетке "Отбасы банк"АҚ төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама берілетін болады. Жолдама алған өтініш берушілер төлем қабілеттілігін бағалаудан өту үшін 15 жұмыс күні ішінде "Отбасы банк" АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгінуі қажет. Төлем қабілеттілігін сәтті растаған қатысушылар 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы және қайталама нарықтардағы тұрғын үйді таңдай алады. 676 қатысушы негізгі тізімнің төлем қабілеттілігін бағалаудан өткенге дейін резервтік тізімде болады.

Келіп түскен өтінімдерді өңдеу кезінде оларға жолдаманың не үшін берілмеген себептері мыналар: жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, ҚР бойынша меншік құқығында тұрғын үйдің болуы, соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді иеліктен шығару, соңғы 6 айда зейнетақы төлемдерінің болмауы, ҚР бойынша тұрғын үйдің бар/жоқ екендігі туралы барлық отбасы мүшесіне анықтамалардың болмауы, ҚР бойынша меншік құқығында тұрғын үйдің болуы сканерленген балалардың туу туралы куәліктері және некеге тұру/бұзу және т.б.

«Алматы Жастары» бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттарды қарау қорытындысы бойынша толық ақпарат www.almaty-zhastary.kz сайтына жарияланды.


Оқи отырыңыз: «Шешімі барда» түрлі мәселе көтеріліп, түйіні шешіледі – Дәнеш Асқарбекұлы


Новости партнеров