Шарада қалалық мәслихат депутаттары да белсенділік танытты
Алматыдағы Жетісу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында «Әділет кеңес береді» атты шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Онда мамандар тұрғындарға заң саласы бойынша кеңес берді. Ал шілде айынан бері халық 119 жедел желі нөміріне хабарласып, тегін құқықтық-ақпараттық қызметіне жүгіне алатынын айта кеткен жөн. Шарада қалалық мәслихат депутаттары да белсенділік танытты.
«Біз мұндай шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрамыз. Бүгінгі шараға өте көп адам қызығушылық танытты. Көпшілігі заңды тұлғаларды тіркеу, атқарушылық іс жүргізу бойынша сұрақтар қойды. Осылайша тұрғындардың заң саласындағы сауаттылығын арттыруды көздеп отырмыз», – деді Әділет департаменті басшысының орынбасары Қанат Базарбаев.