Алматыда әйгілі сән апталығы басталды

Фото: vintage.kz
Фото: vintage.kz
Kazakhstan Fashion Week-тің 29-маусымы дизайнерлердің тың туындысын паш етпек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда әйгілі Kazakhstan Fashion Week басталды. Сән апталығының 29-маусымы дизайнерлердің тың туындысын паш етпек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әлемдік аренада беделі бар мамандар күні кеше 12 жаңа коллекцияны таныстырды. Сондай-ақ 17 жыл бойы үздіксіз өткізіліп келе жатқан іс-шара аясында биыл жас дизайнерлердің Х ұлттық байқауы ұйымдастырылғанын да айта кету керек. Аталған сайыстың ақтық кезеңіне 21 сәнгер өткен.

«Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының біз туралы жарыса жазып жатқаны қуантады. Дизайнерлердің жұмысы расында, назар аударарлық дүние. Оның оң бағаланып, сол арқылы Қазақстанның өнерін дәріптегенімізге қуаныштымыз», – деді Kazakhstan Fashion Week атқарушы директоры Ботагөз Алдоңғарова.

Әлемдік дизайнерлердің Қазақстанға деген қызығушылығын оятқан сән апталығы ең алғаш 2004 жылы өткізілген еді. Осы аралықта ұлттық колорит пен авторлық принтті алға тартқан мамандар қазір жаһан жұртын тәнті етіп жүр. Ендігіде олар аталған жоба аясында Әзірбайжан, Тәжікстан мен Дубайға аттанады.  

Новости партнеров