Алматы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіруде өртке төзімді материалдар пайдаланылды

Almaty.tv.
Almaty.tv.
Бұл туралы бас мердігер айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіруде өртке төзімді материалдар пайдаланылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы бас мердігер, «Атрикс-Строй» ЖШС құрылыс компаниясының директоры Әміржан Нәбиев айтып берді.

Қаңтар оқиғасы кезінде әкімдік ғимараты төрт күн бойы өртенді. Паркет, ағаш есіктер, терезелер отқа оранды. Қазір жанбайтын алюминий терезелер орнатылды, барлық қабатта жанбайтын плитка қойдық. Барлық материал отқа төзімді. Бүгінде өрт сөндіру жүйелерінің өзі өртті қысқа мерзімде, тіпті адамның қатысуынсыз да оқшаулауға мүмкіндік береді. Мұның бәрі автоматты түрде жұмыс істейді.

Бұл бірінші санатты қамтамасыз ету ғимараты: оның екі есігі бар, дизель генераторы түріндегі балама қуат көзі де бар. Бұған қоса, тіпті күрделі жағдайдың өзінде бүкіл жүйенің автономды жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін үздіксіз жүйелер орнатылған. Әрі мұндағы үш павильон автономды және тәуелсіз жасалған. Бұрын бәрі бір жүйеде болатын.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімдігінің ғимараты қалпына келтірілді  

Новости партнеров