Халық қатысатын бюджет: «Мамыргүл бағы» ел игілігіне берілді

21.12.2023 21:09

Алатау ауданында 54 жоба жүзеге асты

Almaty.tv

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында биыл Алатау ауданында 54 жоба жүзеге асқан. Олардың бірі - ел игілігіне пайдалануға күні кеше берілген «Мамыргүл бағы», деп хабарлайды Almaty.tv.

Аудан тұрғыны бастамашы болған жобаға бюджет есебінен 63 миллион теңге бөлінген 1 айдан аса уақытта салынған алаң іші заманауи жарықтандыру жүйесімен жабдықталған. Қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылау бейнекамералары да орнатылған. Жобаның атына сәйкес, алаңға 500-ге жуық мамыргүл, 150-ге жуық өрік және тағы да басқа көшеттер отырғызылды.

– «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына қатысып, «Сиреневый сад» деп орысша қойған едім. Ұтып алдым. Біріншіден, көршілерге рақмет айтқым келеді. Мердігерлерге алғысым шексіз, – деді қала тұрғыны Гүлдәурен Бақбергенова.

Алатау ауданында биыл 2023 жылы 54 жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы жүзеге асты. Ол 2 этапқа бөлінген болатын. 1-этапта 37 жобаны, 2-этапта 17 жобаны жүзеге асырдық. 2-этаптың біткен көрнекті жобаларының бірі – «Сирень саябағы», – деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев: қалада қоғамдық кеңістіктер саны артады