Алматының қай тұрғын үй кешенінде суық су болмайды

26.07.2024 01:08

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз

Almaty TV

29 шілдеде Алматыда Медеу ауданын сумен қамту жүйесінде алдын алу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған байланысты сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін суық су беру (2-ден 8 сағатқа дейін) мына мекенжайларда уақытша тоқтатылады.

- Медеу ауданының әл-Фараби даңғылының оңтүстігіндегі аумағы;

- әл-Фараби – Жарбұлақ өзені – Орманов көшесі – ШААЖ; әл-Фараби-Назарбаев-Сәтбаев-Луганский көшелерінің аумағында;

соның ішінде:

- Таулы Қырат, Тау Самал (Каменск үстірті), Юбилейный, Көктөбе 1, 2 шағын аудандары;

- «VIP Alem», «Люксор», «Алмалы» коттедждік қалашықтары;

- «Достық Резидентс», «Европолис», «Көкше», «Чешкие терассы» тұрғын үй кешендері;

- ⁠«Самал-1», «Самал-2», «Самал-3» шағынаудандары

Бұл профилактикалық жұмыс қаланың Медеу ауданының оңтүстік бөлігін бұрын пайдалануға берілген жаңа резервтік сумен жабдықтау схемасын тексеруге қажет.

Назар аударыңыз:

Бұл жұмыстар жүргізілген соң, судың сапасын уақытша өзгеруі мүмкін, су құбырлары толығымен жуылғанға дейін сантехникалық құрылғыларды (кір жуғыш машиналар/ыдыс жуғыштар және басқа құрылғылар) пайдаланудан уақытша бас тартыңыз;

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Абай даңғылы бойында көлік қозғалысына шектеу қойылады