Олар алдағы уақытта да осы бағытта жұмысын жалғастырмақ ниетте
Күшіміз бірлікте деп бастама алған кәсіпкерлер бүгін 500 отбасыға азық-түлік себетін әзірлеп, қажетті заттарды үлестірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сонымен қатар медицианалық қызметкерлерге де арнайы жәшік дайындап, № 12 аурухананың мамандарына жеткізіп берді.
Медеу ауданына 200, Алатау, Наурызбай аудандарына 200 жәшік таратқан кәсіпкерлер, алдағы уақытта да осы бағытта жұмысын жалғастырмақ ниетте.
«Біз үш күн бұрын жиырма кәсіпкер бірігіп № 12 ауруханаға тамақ жеткіздік. Алдағы уақытта да осындай жақсылық жасау ниетіміз бар. Қазір басқа да кәсіпкерлерге қиын шақта көмек қолын созу челленджін бастағымыз келіп отыр. Біздің күшіміз бірлікте!» – деді DAMU BUSINESS GROUP кәсіпкерлер одағының президенті Болатбек Дәлелханұлы.