Алматыда желдің соғу режимі зерттеледі
Фото: ашық дереккөзден
Желдің моделін, желдің өтуін, ластану деңгейін, ластану себептерін әзірлеуге сәйкес бюджеттік өтінім жасалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жел режимінің моделі жасалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Желдің соғу режиміне зерттеулер жүргізу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алматы қаласында желдің моделін, желдің өтуін, ластану деңгейін, ластану себептерін әзірлеуге сәйкес бюджеттік өтінім жасалды»,– деді қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов.
Ол бюджеттік бағдарлама осы жылдың соңына дейін бекітілетінін атап өтті.
Оның айтуынша, алынған мәліметтер Алматы аумағын дамытуға пайдаланылады.
Еске салайық, өткен жылдың соңында билік жұртшылыққа қаланың 2030 жылға дейінгі бас жоспарын ұсынған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34