Сейфуллин атындағы саябақта мерекелік концерт басталды
Түрксіб ауданы тұрғындары қасіретке толы қанды қырғында мерт болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кейін Сейфуллин атындағы саябақта мерекелік концерт басталды. Мейрамды атап өтуге жиналған жұрт «майдан даласында жанын пида еткен боздақтардың есімін еске алып, орны толмас құрбандықпен келген жеңістің мәнін жас ұрпақ жете түсіне білуі тиіс» деді.
- Құрметті қазақстандықтар! 9 мамыр мерекеміз құтты болсын! Еліміз, жеріміз аман болсын! Еш жерде әлемде соғыс болмасын! Алла Тағала бәрімізге бейбітшілік берсін! Құтты болсын! – деді қала тұрғыны Бекәділ Үсенбайұлы.
- Жан-жағыңа қарашы,
Бүгінгі ғажап өмірің.
Көтеріңкі көңілің,
Өтіп жатқан той-думан
Жеңістің күйін шерткені, – деді қала тұрғыны Роза Әлкебаева.