Кәсіпкердің ендігі мақсаты, Отандық өнімдерді көптеп шығару
Алматыда «Бақытты отбасы» жобасы бойынша тағы бір тігін цехы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv
Алатау ауданында орналасқан шағын орталықтың алғашқы жұмыс күнінде жергілікті кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысып, кәсіп иесіне құттықтау сөз айтты. Осы уақытқа дейін мемлекеттік бағдарлама аясында көпбалалы аналарға қолдау көрсетіліп, бизнес бастауға жағдай жасалған болатын. Нәтижесінде, Айдана Темірова 2 млн теңгенің грантын ұтып алып, өзі армандаған цех ашқан. Қазіргі уақытта 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкердің ендігі мақсаты, Отандық өнімдерді көптеп шығару.
«Егер де тіршілік жасаймын деген адам үшін барлық жағдай жасалған. Тек қана іздену керек. Көзі ашық адам өзі-ақ іздеп тауып алады. Одан бөлек, жастар практикасы бағдарламасымен адамдар берді. Қазір жұмыс істеп жатыр», – деді кәсіпкер Айдана Темірова.
Алатау ауданында осы уақытқа дейін 800-ден астам адам кәсіпкерліктің қыр-сырын оқып, соның 398-і бағдарлама аясында грант ұтып алған.
«Бізбен Айдана Ержанқызы тығыз жұмыс істеуде. Өзіміз кәсіпкерлер палатасының атынан мемлекеттік бағдарламаларға қалай қатысу керек? Қандай мүмкіншіліктер бар екенін үйретіп, қазір сондай қоян қолтық жұмыс істеудеміз», – деді Қалалық кәсіпкерлер палатасының Алатау аудандық филиалының директоры Айбек Қазыкенов.