|
22.04.2024 | 16:17
544

Алматыда индустриялық аймақ зауыттарының аумағы қоқыстан тазартылды

Әрбір тұрғын мегаполисті дамытуға және көркейтуге үлес қоса алады

Алматыда индустриялық аймақ зауыттарының аумағы қоқыстан тазартылды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алатау ауданындағы Алматы индустриялық аймағының өндірістік кәсіпорындары «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына белсенді қатысты. Науқан аясында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен шағын өнеркәсіп парктерінің қызметкерлері өз нысанының аумағын жалпы тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС, «Бижан» ЕӨЗ, «Kazakhstan Mobility Engineering» ЖШС, «Vehicles Almaty» ЖШС, «АвтоПластТехнолоджи» ЖШС, «Astana Motors Engineering» ЖШС, «Әлем Тынысы» ЖШС, «ADS Industries» ЖШС, «Alatau Industrial Park», «Le porte M» ЖШС, «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС және басқалар.

Жұмыс аясында зауыттар мен нысандардың ішкі және іргелес аумақтары қоқыстан, шүберектерден және өндірістік қалдықтардан тазартылды, құрылыстар мен ғимараттардың терезелері мен витриналары, автомобиль жолдары мен орталықтандырылған сумен қамту мен су бұрудың құрылымдық нысандары кірден және шаңнан тазартылды, ішкі және іргелес көгалдандыру алаңдары ретке келтірілді.

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны 8 сәуірде басталып, 8 мамырға дейін жалғасады. Әрбір тұрғын мегаполисті дамытуға және көркейтуге үлес қоса алады.

Толық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда «таза қасбеттер» акциясы басталады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир