Бұл саладағы шамамен 40% ең үлкен үлес машина жасауға тиесілі
Алматының өнеркәсіп саласы еліміздегі ең жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық экономика басқармасының дерегінше, биыл жыл басынан бері Алматы өнеркәсібі 21,7%-ға өсті.
«Барлық ауданда өнеркәсіптің оң өсу қарқыны қамтамасыз етілді. Алатау ауданында машина жасау саласының 34,4%-ға өсуі есебінен айтарлықтай өсім байқалады», - деп хабарлады ведомстводан.
Бұл саладағы шамамен 40% ең үлкен үлес машина жасауға тиесілі.