Алматыдағы Бостандық ауданының әкімі көпбалалы аналармен кездесті

24.08.2022 21:20

Ауданда 1100 бала көмек алады

Almaty.tv

Алматының Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов бүгін көпбалалы аналармен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиында көтерілген негізгі мәселе үй мен мектепке қатысты өрбіді. Ата-аналар тарапынан түрлі шағымдар айтылып, жергілікті жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді. Сондай-ақ іс-шара соңында ұйымдастырушылар «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға оқуға қажетті құралдарды тарту етті.

«Аналардың көпшілігі пәтер жалдап тұрады. Оны білеміз. Қолымыздан келгенше көмек жасап жатырмыз. Аталмыш акция бірнеше жыл қатарынан өтіп жатыр. Біздің ауданда 1100 бала, яғни, құжатын тапсырып, тіркелген ата-ана көмек алады», – деді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева.