Алматының Жетісу ауданындағы көпірде көлік қозғалысы шектелді
Almaty TV
Аталған аумақты Мұхамеджан Сералин көшесі арқылы айналып өтуге болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Жетісу ауданы Кемел шағынауданындағы Жолымбет көшесіндегі Есентай өзеніндегі көпірде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.
50 жылдан астам уақыт бұрын салынған көпірді көзбен көру барысында көпір маңындағы үйінділердің шөгуі, сонымен қатар, көпір жақтауындағы топырақты су шайғаны анықталды.
Осыған байланысты көпірде қозғалысты шектеу және техникалық жай-күйіне сараптама жүргізу туралы шешім қабылданды.
Көлік жүргізушілерінен маршрутты алдын ала жоспарлап алуын сұраймыз. Аталған аумақты Мұхамеджан Сералин көшесі арқылы айналып өтуге болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда кезекті құрылыс нысаны бұзылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтті
26.10.2026 11:31